17 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері» балалар қозғалысы өкілдерінің кездесуі өтті

Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Мектептен тыс жұмыс орталығында ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысымен бекітілген, Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасының 43-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері» балалар қозғалысы өкілдерінің кездесуі өтіп, оған қала мектептеріндегі 8-10 сынып оқушылары құрамынан тұратын Балалар өкілдіктерінің штабы ашылды.

Штабтың бірінші отырысында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2020 жылғы 25 тамызындағы № 57н бұйрығына негізделген «Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері» балалар қозғалысының Ережесімен таныстырылды.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.