19 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы тәжірибе бөлісу семинары өтті.

2020 жылдың 15 қазан күні Орал қаласының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандар мектебі тыңдаушыларына ZOOM платформасы арқылы тәжірибе бөлісу семинары өтті.
Семинардың мақсаты : Жас мамандарға әріптестік қолдау көрсете отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығы мен танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.
Семинар барысында №47 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі мұғалімі, педагог-зерттеуші Ә.Ж.Сапарова өз сабақтарында қолданатын әдістердің ұтымды тұстарымен, қолдану жолдарымен бөлісті. Сондай-ақ, әдістерді қолданарда дайын күйінде қолданбай, түпкі идеясына мән беру қажеттілігін түсіндіріп өтті. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Л.С.Кусаинова «Сабақты бүгінгі өмірмен байланыстыра оқытуда функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды. Әсіресе, көркем шығармаларды оқығанда оқушылардың сөздік қорын молайту жолдарын кеңінен түсіндіріп, игерту жолдарын нақты көрсете білді.
Жас мамандар кері байланысқа шығып, өз пікірлерін бөлісіп,сабақтарда әдістерді қолданылу жолын үйрену мақсатында тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатысуға ұсыныс білдірді.

Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.