19 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі өткізілді.

2020  жылдың  16 қазаны күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында мектептен тыс жұмыс орталығының базасында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша  «Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі өткізілді. Семинар барлық қатысушылар үшін «Жақсы көңіл-күй-жан азығы» психологиялық тренингімен басталып, балаларды  әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ынтымақтастық өзара көмек және мейірімділік сезімдерін ояту, оларды ортаға бейімдеу, әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне көмектесу және олардың қызығушылығын арттыру және бос уақыттарында ұнатқан істерімен айналысуға бағыттау мақсатында әдеби-шығармашылық бағытта «Абай-дана, Абай-дара», бейнелеу өнерінен «Алтын күз», кітап оқуды насихаттайтын «Кітап - жан азығы» және сонымен қатар спорттық бағытта шахматтан «Шахмат әлемі», асық ойынынан «Ұлттық ойындар – ұлттық мақтанышымыз» шеберлік сыныптары көрсетілді.
Семинарға қатысушы аналарға арнайы «Отбасы» орталығының әлеуметтік маманы, МТЖО педагог-психологы және ана мен бала  құқықтары туралы әңгімелесу үшін құқтану бағытындағы қосымша білім беру педагогы қатысқан  «Жүрек жылуы» әңгімелесу алаңы ұйымдастырылды.

Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.