19 Қаз 2020
Жаңалықтар

И.С.Амертаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді .

2020 жылдың 16 қазан күні Орал қаласының білім беру бөлімі жоспарымен ZOOM платформасы арқылы қалалық мектепке дейінгі ұйым директорлары мен әдіскерлері тыңдаушыларына жаңа форматта аттестациялау ерекшеліктері өзгерістері мен толықтырулары жайлы ҚБББ нің әдістемелік кабинеті меңгерушісі И.С.Амертаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онлайн отырыста педагогтарды толғандыратын сұрақтар талқыланды.
Педагогтарды аттестациядан өткізудің жаңа форматының мақсаты –білім беру қызметінің сапасын арттыру, мұғалімдерді ынталандыратын жаңа замануи механизмдерді енгізу. 2020 жылғы аттестациядан өтудің ерекшелігі - мұғалім өтінішті бірінші аттестациядан өтуге емес, тестілеуге береді. Ұлттық біліктілік тестілеуден өту үшін, педагог он-лайн түрде тіркелу қажет. Тіркелу барысында тесттен өту мерзімін өзі көрсетеді. Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда педагогтің өтініші негізінде одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі. Аттестаттау ресми түрде 1 маусымнан басталды және үш ай мерзімінде өтеді. Бүгінгі күні мұғалімдерден аттестациядан өтуге өтініштер қабылданып жатыр.
Директор мен әдіскерлер кері байланысқа шығып, өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
- Біліктілік бойынша категорияның күтіліп отырған шекті деңгейі қандай?
"Педагог-модератор" үшін - 50%; "педагог-сарапшы" үшін - 60%; "педагог-зертеуші" үшін - 70%; "педагог-шебер" үшін - 80%. Сонымен қатар, әрбір блок бойынша шекті деңгейді бағындыру керек. Шекті деңгейге жете алмаған жағдайда педагогикалық қызметкерлер емтиханнан қайтадан қараша айында өте алады.
Ұстаздардың біліктілігін аттестаттаудың жаңа жүйесі коллегиалдық, ашықтық, жүйелілік, айқындық және обьективтік талаптарына сүйене отырып жасалған. Сондай-ақ, бұл жаңа жүйедегі аттестацияға негативттік тұрғыда қарауға болмайды. Себебі, қолданысқа енгеніне аз ғана уақыт болса да өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді.

Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.