Бүгін, төтенше жағдайға байланысты мектебіміздің жас түлектеріне аттестаттарын тапсыру шарасы өтті. Мектеп директоры Тамара Мұсақызы бастаған ұжым және курьерлік қызмет өкілдері мектеп автобусы арқылы жас түлектеріміздің үйлеріне барып мерекелік көңіл-күй сыйлады. Оқушылар өз ата-аналарымен бірге мектеп ұжымын қарсы алып, осынау маңызды сәттің куәсі болып, алғыстарын білдірді.