«Президенттің тапсырмасы бойынша оқытушылардың жалақысы өсіп жатыр. Бұл ректорлардың, әлде министрліктің арқасында болған шаруа емес. Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырманы орындап, жұмысты жалғастыру қажет. Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша атқарылған жұмысты бұған дейін бірнеше рет қарастырған болатынбыз. Бұл мәселе тұрақты бақылауда», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында.