24 Қаз 2020
Жаңалықтар

« Физика пәні ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдері » тақырыбында онлайн конференциясы оздырылды.

Орал қаласының білім бөлімінің жұмыс жоспарынав сәйкес, 2020 жылдың 19 қазанында қалалық физика пәні мұғалімдерінің қатысуымен « Физика пәні ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдері » тақырыбында Zoom бағдарламасы арқылы онлайн конференциясы оздырылды. Конференцияны №41 жаратылыстану-математика бағытында мектеп –лицейдің физика пәні мұғалімі Мамыр А.Р. мен №24 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Крамсакова О.М. жүргізді. Конференцияның негізгі мақсаты- мұғалімдерге физика пәнін ағылшын тілінде жүргізудің тиімді әдіс – тәсілдердің оқыту формаларын, бағалау процесінің оқушының оқу және танымдық қізметін бағалау үдерісі туралы айтып өтті. Мұғалімдерге ұсынылған бұл әдіс барлығының қызығушылығын тудырды. Қатысушы қала мұғалімдері өткізушілерге алғыстарын айтты.Конференция өз мақсатына жетті, түрлі ұсыныстар берілді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.