Онда «Қашықтықтан оқытудағы ағылшын тілі сабақтарындағы ақпараттық технологиялар» тақырыбы талқыланды. Бұл кездесудің мақсаты - жас мамандарға көмек көрсету, сондай-ақ тәжірибемен алмасу болды. Кездесу барысында жас мамандар "Online mektep" және "Kundelik" сияқты қашықтағы режимде сабақ өткізуге арналған алаңдарды пайдалану бойынша кеңестер алды. Онлайн-сабақ құрудың әртүрлі құралдары да қарастырылды.