24 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Жайықты тербетеді Жұбан жыры!» атты қашықтан аймақтық іс -шаралар оздырылды.

Орал қаласының білім беру бөлімінің Ж. Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ағымдағы жылдың қазан айының алғашқы онкүндігінде «Жайықты тербетеді Жұбан жыры!» атты қашықтан аймақтық іс -шаралар оздырылды. Іс-шара барысында:
1. Ақын-ұстаз, жұбантанушы, ҚР білім беру ісінің үздігі Үзілдік Елеубайқызымен «Жұбан жайлы сыр шертемін» сұхбат (Zoom платформасы арқылы)
2. «Жыр қыраны - Жұбан ақын» атты Жұбан өлеңдерін жатқа оқу челленджі;
3. «Жайықты тербетеді Жұбан жыры!» атты қашықтан Жұбан оқулары өтті.
Атаулы шараларға "Заңғар" желілік қауымдастығының № 2,14,29,34,41,42,46-мектептері белсене қатысты.
Үзілдік Елеубайқызымен өткізілген сұхбатта ақын-ұстаздың Жұбан ақын туралы еңбектері, туынды ойларымен бөлісуі оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Жұбан оқулары байқауына желілік қауымдастық мектептерінен ақын өлеңдерін жатқа оқу бойынша 1 оқушының ақынға арнау, өлеңінен 1 оқушының бейнежазба жұмыстары қабылданды. Оқушылар ақынның туған жер, тіл, ана тақырыбындағы өлеңдерін нақышына келтіре, шебер оқи білді. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскерінің ұйымдастыруымен қазылар алқасы жұмыстарды тексеріп, төмендегідей қорытынды шығарды.
І бөлім. "Туған жер қайдан жай ұғым..." (ақын шығармасын мәнерлеп оқу):
1-орын Абай Аяулым- Ж. Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ 6-сынып оқушысы,
2-орын Биғали Гүлназ- №41 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы,
3-орын Рахметолла Нұрәлі № 29 НЖББМ 7-сынып оқушысы;
ІІ бөлім. "Жыр тербеген жүрегін..." (ақынға жыр арнау) номинациясы бойынша:
1-орын Мухтарова Назерке- №41 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
2-орын Гайсина Гүлбахар- Ж. Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ 6-сынып оқушысы;
3-орын Рақымжан Дулат- №41 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
Алғыс хаттар: Асанұлы Бейбарыс-№46 ЖОББМ 9-сынып оқушысы, Зинуллина Шынайым- №34 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысына берілді. Жеңімпаз оқушылар қалалық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды. @edu_news_qz @bqobilim @a.t.m.70

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.