ЖММ шеңберінде биология пәні мұғалімдеріне "Жиынтық бағалау өткізу барысында кездескен қиындықтар және оларды шешу жолдары" атты онлайн-семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты - қала мектептеріндегі жас ұстаздарға Online Mektep платформасында жұмыс жасау кезінде жан - жақты (әдістемелік, техникалық, психологиялық) көмек көрсету.Семинарды ұйымдастырушылар оқыту тілі қазақ және орыс тіліндегі ЖММ жетекшілері Егорова Е.Ю. педагог-зерттеуші №32 ЖОБМ, Имангалиева А.Т. педагог-сарапшы Д.Қонаев атындағы №44 МГ. Сонымен бірге, Өтегенова А.А. №6 ЖОБМ, Темиргалиева А.С. №42 МГ Ақ Ниет жас мамандары Online Mektep-тің қосымша мүмкіндіктерін көрсетті. Нақтырақ айтқанда iTest, Twig-Bilim- мен жұмыстану жолдары айтылды. БЖБ анализі талданды, жас мамандардың дайын БЖБ-ны пайдаланудағы және БЖБ құрастырудағы қиындықтары анықталды. БЖБ құрастыратын конструктор жұмысымен және youtube-тан алынған сілтемені үй тапсырмасына бекітіп, активациялау жолдарымен танысты.