Ағымдағы жылдың 22 қазан айында Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сай №26 мектеп психологі Тян.И.С мектепалды даярлық топ және шағын орталық психологтеріне арналған "Менің күнімнің көңіл - күйі" тақырыбында онлайн режімінде сабақ өткізді. Мектепке дейінгі балалар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Психолог мамандары онлайн семинарға белсенді қатысып өздерінде туындаған сұрақтарды қойып, жұмысқа қажетті материалдарды алды.