2020 жылдың 22 қазанында Zoom платформасында қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Албидакова Г.Б. мен жас мамандар мектебінің жетекшісі Г.Т.Каюбалиеваның ұйымдастыруымен математика пәні бойынша жас мұғалімдер мектебінде қатысушылардың кездесуі ұйымдастырылды. Онда «Қашықтықтан оқыту кезінде математика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбы талқыланды. Бұл кездесудің мақсаты - жас мамандарға көмек көрсету, сондай-ақ тәжірибемен алмасу болды. Кездесу барысында жас мамандар "Online mektep" және "Kundelik" сияқты қашықтағы режимде сабақ өткізуге арналған алаңдарды пайдалану бойынша кеңестер алды. Онлайн-сабақ құру барысындағы әртүрлі құралдарды,белсенді әдіс тәсілдерді қолдану бағыты көрсетіліп, қарастырылды.