29 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы педагогикалық қызметкерлердің "АРROPS" кәсіби қарым-қатынас клубының жұмысы» тақырыбына онлайн оқыту вебинары өткізілді.

БҚО білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының әдіскерінің Д.Т.Кудашеваның ұйымдастыруымен жоспарлы түрде аудандық , қалалық білім беру бөлімдеріне қарасты мектепке дейінгі ұйым, шағын орталық, мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен әдіскерлерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы педагогикалық қызметкерлердің "АРROPS" кәсіби қарым-қатынас клубының жұмысы» тақырыбына онлайн оқыту вебинары өткізілді.
Бүгін , вебинардың бірінші күні, яғни 22 қазанда Орал қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы қауымдастықтың жұмысын көрсетті.
Вебинарда ҚБББ нің әдіскері Ж.С.Адиева мектепке дейінгі ұйымдарда нәтижеге бағытталған тәрбие мен оқыту ынтымақтастықта ұйымдастыру жұмыстарымен таныстырды. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдар қандай бағытта жұмыс жүргізуде, желілік қымдастықтың мақсат-міндеті, тиімділігі, маңызы , нәтижесіне, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы желілік қауымдастықтың шығармашылық жұмысын арттыру, педагогикалық қоржынын толықтыру, желілік қауымдастық арқылы инновациялық ақпараттық технологияларды өз іс-тәжірибесінде қолдану басты міндетіміз деп тоқталып өтті.
Сонымен қатар желілік қауымдастықтың директор, әдіскер модераторларының ұйымдастыруымен «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша желілік қауымдастықтың инновациялық тәжірибесі» тақырыбында «Бастау» , «Мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік жұмысын жүйелі жүргізу» тақырыбында "Парасат",", «Педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру факторы мен әдістемелік жұмыстың интерактивті әдістері мен формалары» тақырыбында «Арман», «Бала денсаулығын нығайтуда балабақша мен отбасының бірізділігін қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында "Бірлік", «Тәлімгерліктің жас мамандардың кәсіби дамуына ықпалы» тақырыбында "Арай ", желілік қауымдастықтары шеберлік сыныптарын көрсетсе, «Өрлеу» желілік қауымдастығы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасын меңгеруіне бағытталған қашықтан оқыту» тақырыбында менторлық консультация жүргізді.
Бірлесіп жұмыстану арқылы қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың арасында тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешу арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы алға басуда.
@bqobilim @edu_news_qz @a.t.m.70

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.