2020 жылдың 22 қазан күні қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тарих сабақтарында білімді бақылау мен тексеру үшін Google-Forms, Padlet.com көпфункционалдық қосымшаларын қолдану технологиясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы «Заңғар» желілік қауымдастығының тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тәжірибе бөлісу семинары өтті. Семинарға қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Тарих сабақтарын қашықтан өткізу ерекшеліктері, тиімді кері байланыс пен бағалау тапсырмаларын жүргізу және тарих сабақтарында Padlet.com көпфункционалдық қосымшаларын қолдану технологиясы туралы таныстыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу, әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар барысында №41 жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі О.А. Жумагалиева «Тарих сабақтарында қашықтан оқытудағы бжб, тжб өткізудің тиімділігі» тақырыбында, №34 А.Тайманов атындағы мектеп- гимназиясының тарих пәні мұғалімі Б.Б. Мулдагалиева «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары» тақырыбында жұмысын таныстырып, оқушыларға тиімді кері байланыс берудің жолдары мен тиімділігіне тоқталып, ерекшеліктері жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. №42 «Ақ ниет» гиманазиясының тарих пәні мұғалімі «Тарих сабақтарында білімді бақылау мен тексеру үшін Google-Forms, Padlet.com көпфункционалдық қосымшаларын қолдану технологиясы» тақырыбында сөз алып, Padlet.com көпфункционалдық қосымшасын тарих сабақтарында, сыныптан тыс шараларда қолдану мүмкіндігі туралы теориялық мәліметпен қатар, практикада қолдану алгоритімін таныстырып өтті.
Семинар соңында пікір алмасып, өткізіліп отырған семинарға кері байланыс жасады. @edu_news_qz @bqobilim @a.t.m.70