020 жылдың 23 қазанында Zoom платформасы арқылы қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сай математика пәні әдіскері Г.Б.Албидакова мен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп –лицейінің математика пәні мұғалімі Э.С.Калешованың ұйымдастыруымен “Математика сабақтарында платформаларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру тиімділігі” тақырыбында “Бастау” желілік қауымдастығының математика пәні мұғалімдеріне шеберлік сынып өткізілді. Мақсаты - жоғары технологиялық оқу платформаларының қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесімізді қосу. Шара барысында, онлайн түрде көптеген платформалардың мүмкіндіктері, атап-айтар болсақ, ziteboard.com , Geogebra, Google–диск технологияларын синхронды сабаққа тиімді пайдану жолдары көрсетілді. Қашықтан оқыту кезінде сабақтар асинхронды түрде де өткізіледі, сол сабақтарға видео-сабақ әзірлеуде Movavi Video Suit программасын қолдану жолдары айтылды.