«Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың тоқсандық жиынтық бағалауын қолайлы, қолжетімді және ыңғайлы форматта ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Online Mektep платформасында ТЖБ құрастыру алгоритмдерімен және оны КТЖ-ға жариялау жолдарымен танысу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында қала мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері Жанар Жұмабайқызы Кубаева №46 ЖОББМ, Елена Ильинична Коломицкая № 9 ЖОББМ өз жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, BilimMediaGroup компаниясының маманы Амангелдин Ізбасар Боранбайұлы қатысып, ТЖБ және соңғы кезде енгізілген интерактивті түрде жаңа сабақты қалай онлайн платформада құрастырып, енгізу керектігін демонстрациялау арқылы көрсетті. Отырыс барысында кері байланыс жасалып, бірнеше сұрақтарға жауап берілді. Отырыста ҚБББ әдіскері Сымбат Махамбетқызы Абулхатинаның пән мұғалімдерін тжб-ны өткізу бойынша нұсқаулықпен таныстыруымен қортындыланды.
@edu_news_qz @bqobilim @a.t.m.70