2020 жылдың 27 қазан күні ағылшын тілі пәні бойынша "Өрлеу" қауымдастығында Қалалық БББ әдіскері С.М.Абулхатинаның жетекшілігімен "Қашыктықтан оқытудағы кедергілерді жоюдың тиімді жолдары" тақырыбында онлайн отырыс өтті. Отырыстың мақсаты: Қашықтан оқытудағы кедергілерді, оқытудың тиімді жолдарын пайдалана отырып жою" . Отырыс барысында қашықтан оқытуда ең бірінші оқытушыларға койылған талаптарға тоқталып, сол талаптарды орындауда оқытушылар қиындықтарды қалай жоюға болатыны туралы пікір алмасып 19 мектептің ағылшын тілі мұғалімдері Жанат Галимжановна мен Сезім Темирболатовна ой бөлісті.