2019 жылдың 28 ақпан күні №19 «Золотой петушок» бөбекжайына МКҚК «Мектепке дейінгі ұйымда асық технологиясын қолдану тәсілдері» атты 2 күндік семинар өтті. Семинарға қалалық тәжірибе алаңы бойынша жұмыстанатын бөбекжайлардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Өнерлі бүлдіршіндер мен педагогтардың қатысуымен сазды сәлемдеме, асық технологиясының элементтерін қолданып ашық оқу қызметтерін көрсетілді.
Семинар қатысушыларымен көңілді тренинг жүргізілді. Ата-аналар мен балалардың қатысуымен спорттық сайыс, 5 білім беру саласын қамтыған асықтан жасалған үлестірмелі материалдар мен дидактикалық ойындарды қолданып шеберлік-сынып өткізілді. Семинар соңында қатысушылар тақырыпқа сай педагогтардың дайындаған көрмесін тамашалады.