🔹 Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиетінің жас мұғалімдеріне «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда Интернеттің электрондық білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбында семинар оздырылды.
Педагогтар 2020-2021 оқу жылының 2 жартыжылдығының жас мамандар мектебі жұмыс жоспарымен танысты. Семинар барысында мұғалім жұмысында білім беру платформаларын пайдаланудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері, бағалауға, кері байланыс алуға мүмкіндік беретін ресурстар туралы айтылды. Жас мамандар оқушылардың білімін тексерудің ең тиімді әдістері және тәсілдерімен танысты. Сауалнама семинардың қала мектептерінің мұғалімдері үшін қызықты әрі пайдалы болғандығын көрсетті.
@edu_news_qz
@oral_ovp
@uralskakimat
@abat_shynybekov
@bqobilim