🔹 2021 жылдың 5 қаңтар күні қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша № 17 орта мектебінің мұғалімі модератор Обезьянова И. Н. жетекшілігімен "Кәсіби диалог" атты әріптестік жиыны өткізілді. Аталған жиында "Қашықтықтан оқыту әдістері" тақырыбымен №7 орта мектебінің ұстаздары Ақшалова Н. Б. және Уталиева Н. Б. қатысты. Сол жиынға қатысқан ұстаздарға қашықтықтан оқыту әдіс-тәсілдері туралы қызықты және пайдалы ақпараттар берілді.