🔹 Орал қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сай, 2021 жылдың 14 қаңтар айында, қала мектептерінің жас психолог мамандарына "Жас мамандардың жұмысында туындайтын қиындықтар және шешу жолдары" тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Шараның басты мақсаты: білім беру ұйымдарындағы психологиялық жұмыстың теориялық және практикалық мәселелерін ашу. #41 мектеп - лицейінің және #20 ЖОББ мектебінің педагог - психологтары "Оқытудың штаттық және дистанциялық аймақтарында оқушыларды психологиялық сүйемелдеуінің жұмыс жоспары" жайында ақпарат беріп, практикалық мәселелердің шешу жолдарын көрсетті. Жас мамандар өздеріне қажетті ақпараттар алды, болашақта өз тәжірибиелерінде қолданатын жұмыс бағыттарымен танысты.