19 Қаң 2021
Жаңалықтар

2021 жылдың 18 қаңтар күні химия пәні бойынша ЖММ аясында жас ұстаздарға арналған жоспарға сәйкес кезекті вебинар ұйымдастырылып өткізілді.

🔹 2021 жылдың 18 қаңтар күні химия пәні бойынша ЖММ аясында жас ұстаздарға арналған жоспарға сәйкес кезекті вебинар ұйымдастырылып өткізілді. Вебинар тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы сабақты тиімді жоспарлау жолдары,. оқу мақсатын нақты айқындау және сабақтағы оқытудың тиімді әдістері». Аталған вебинар мақсаты- алдағы ЖММ жоспары бойынша өтілетін жас мамандардың ашық сабақтарына әдістемелік көмек беру, қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты сауатты жоспарлап, өткізуге көмек беру.
Вебинар ұйымдастырушысы ЖММ жетекшісі №42 «Ақниет» МГ химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ш.Г.Закирова жас мамандарға қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты жүйелі жоспарлап, оқу мақсаттарына сай сабақ мақсатын құруда қателіктерге жол бермеу, сабақтың құрылымы мен сабақты өткізудегі белсенді әдіс тәсілдер, Блум таксономиясы бойынша білім дағдылары жөнінде түсіндіріп, әдістемелік ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар топ қатысушысы №42 «Ақниет» МГ химия пәні мұғалімі, педагог-модератор И.А.Хамидолла өзінің жоспарлап құрған химиядан бір сабақ үлгісін басқа әріптестеріне көрсетіп, сабақ жоспарына талдау жасап, жас ұстаздар өздерінің ой-пікірлерін білдірді.Отырыста алда өтілетін ашық сабақтар уақыты мен ұйымдастыру формалары талқыланды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.