21 Қаң 2021
Жаңалықтар

«Ертегі арқылы баланы жан-жақты дамыту»

🔹 2021 жылдың 21 қаңтар күні №28 «Қарлығаш» бөбекжайы МКҚК базасында Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сай «Ертегі- сыр шертеді» тәжірибелік алаңының  «Ертегі арқылы баланы жан-жақты дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар мақсаты: Ертегі әлемі арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту. Балалар мен ата-аналардың біріккен шығармашылық құндылықтарын қалыптастыру. Семинар барысында балалар «Ертегілер елінде» музыкалық сәлемдемесін көрсетті. Тәрбиешілер ертегі желісі арқылы кіріктірілген оқу қызметін көрсетін, орманға саяхат жасап, ертегі сахналады. Сонымен қатар ата-анамен және педагогтармен бірлескен жұмыс түрлері көрсетілді. Семинар соңында қатысушылар өз тәжірибелерін ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.