21 Қаң 2021
Жаңалықтар

2021 жылдың 21 қаңтар күні қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті.

🔹 2021 жылдың 21 қаңтар күні қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті. ҚББ әдіскері А.У.Тасимова бірлестік жетекшілеріне биылғы жылға арналған жылдық жоспарды таныстырды. Қалалық білім беру бөлімінің бірлестік жетекшілерін тағайындау және әдістемелік күнді белгілеу, жас мұғалімдер мектебінің, озат тәжірибе мектебінің, шығармашылық топтардың жұмыстарын ұйымдастыру жайлы айтып өтті. Мұғалімдердің шеберлігін арттыру, жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-түрлерін енгізу, жас мұғалімдердің үздіксіз оқуын, біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу, мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату, жаңа инновациялық, педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен әдіс-тәсілдерін енгізу, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында құрылған қазақ тілі мен әдебиеті қауымдастығы, шығармашылық топ, ОТМ ЖММ жетекшілері мен құрамы тағайындалды.
Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу, тиімді диалог алаңын құрып, әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін түзілген жоспарлы семинар, дөңгелек үстел, конференцияларды, т.б. уақытында өткізу міндеттелді. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізу тапсырылды.

Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.