21 Қаң 2021
Жаңалықтар

21.01 күні ҚӘК жоспарына сай #17 ЖОББМ-нде орыс мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қалалық Жас Мұғалімдер мектебі семинары өтті.

21.01 күні ҚӘК жоспарына сай #17 ЖОББМ-нде орыс мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қалалық Жас Мұғалімдер мектебі семинары өтті. "Сөздікпен жұмыс арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту" тақырыбындағы семинарды директордың орынбасары Жаукенова А. ашса, бірлестік жетекшісі Набиева С.Ж. мазмұнды баяндама жасап, ЖММ жетекшісі Байшиганова А.Р. жас мұғалімдерді ЖММ-нің жұмыс тәртібімен таныстырды. Семинар аясында жас мамандар Zoom платформасында берілген 4 сабаққа қатысып, құнды тәжірибе жинады. ЖММ тыңдаушылары мектептің тәжірибелі ұстаздары Аукатова С.Н., Нугманова С.Б., Мусакулова А.В, Аканаева У.С. берген сабақтарына тәнті болып, өз алғыс пікірлерін ортаға салды. Қашықтықтан оқыту барысында онлайн сабақты ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін шынайы түрде іс жүзінде көрген жас ұстаздар алғысын білдірді. #17ЖОББМ -нде оздырылған ЖММ семинары өз мақсатына жетті.

 

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.