🔹 22 қаңтар 2021 жылы Орал қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сай «Парасат» желілік қауымдастығы мен жеке бөбекжайлар арасында «Жаңартылған білімге бөбекжайдан жаңа қадаммен» тақырыбындағы қашықтықтан қалалық практикалық семинары оздырылды.
Семинар мақсаты:Жаңартылған білімге бөбекжайдан бастап қадам жасауда, МЖМББ стандартын,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа инновациялық технолгияларды мен әдіс-тәсілдерді енгізуді жалғастыру. Ұйымдастырылған оқу қызметтері, шеберлік сынып, көрме және т.б. жұмыстармен тәжірибе алмаса отырып педагогтардың шығармашылықтары мен іскерліктерін дамыту.
Семинарды №7 «Айналайын» бөбекжайы меңгерушісі Б.Т.Абдулова ашып, ҚББҚ мектепке дейінгі бөлім әдіскері Ж.С.Адиева жалғастырып, музыка жетекшісі Ұ.О.Машированың дайындауымен сазды сәлемдеме өткізілді.
№7 «Айналайын» бөбекжайы тәрбиешілері Г.Б Нурпейсова, А.Е.Кувашева. «Қоршаған ортаның қызықтары» ҰОҚ, тәрбиешілер М.Е Есимова, А.Ж Сағынгереева «Логикалық ойындар ұйымдастырудағы дәстүрден тыс әдістер» шеберлік сынып, педагог-психологі Ә.Б.Карабалина. «Жақсы көңіл күй жан азығы» тренингін өткізді
№47 «Бәйтерек» бөбекжайы тәрбиешілері А.А.Жарманова, И.Т.Сахипова.
«М.Монтессори технологиясындағы тиімді ойындар жүйесі» шеберлік сынып, №48 «Мұрагер» бөбекжайы тәрбиешісі А.М.Капиева«Мектеп жасына дейінгі балаларға Воскобович ойындарын пайдаланудың тиімділігі» презентация, №15 "Ақбота" бөбекжайы тәрбиешісі Т.А.Дахова "Ертегілер елінде",№18 «Балдырған» бөбекжайы тәрбиешісіС.Н.Тулеуова«Дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып жапсыру қызметін ұйымдастыру» көрмелерін қашықтықтан ұйымдастырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарды «Парасат» желілік қауымдастығының модераторы №7 «Айналайын» бөбекжайы әдіскері Утегалиева Ж.К«Менің бүгінгі күннен алған әсерім»кері байланысымен аяқтады.