🔹 Орал қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 25 қаңтар күні қала мектептерінің логопед- мұғалімдеріне арналған «Сөйлеу тілі бұзылған балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту жолдары» атты семинар өтті.Семинардың мақсаты: логопед мамандардың фонематикалық қабылдауды және дамыту туралы түсініктерін кеңейту және жүйелеу. №10 ЖОББМ нің логопеді Н.М. Габдолова фонематикалық естуді дамытудың нәтижелі әдістерін нақты көрсетті. Мамандар өз жұмысында практикалық қолдану үшін үлкен ақпарат пен материалдар алды.