26 Қаң 2021
Жаңалықтар

Бүгін, 26 қаңтар 2021 жылы ағылшын тілі пәні бойынша «Бастау» желілік қауымдастығының Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде кезекті 1 - отырысы оздырылды.

🔹 Бүгін, 26 қаңтар 2021 жылы ағылшын тілі пәні бойынша «Бастау» желілік қауымдастығының Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде кезекті 1 - отырысы оздырылды. Күн тәртібінде басты мәселе «Мұғалімнің кәсіби дамуындағы іс-әрекетті зерттеу дағдылары» тақырыбы негізінде қауымдастық мүшелерін жұмыс жоспарымен таныстыру. Отырысқа қауымдастықтың 14 ағылшын тілі пәні мұғалімі қатысып, қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін зерделеді. Отырыс барысы үш кезеңді қамтыды: алдымен қатысушылар британдық қаламгер Дж. К. Роулингтің Гарри Поттер шытырман оқиғасында берілген Хогвартс мектебінің 4 факультет – 4 типті оқытушы тестінен өтіп, өздерін қай факультет оқытушысы бола алатынын және қандай қасиеттерге ие екенін анықтады. Негізі бөлімде мұғалімдер алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспарымен танысып, жоспар бойынша ұсыныстар айтылды. Желілік қауымдастық менеджері Әсем Амангелдіқызы сөз алып, болашақта озат іс-тәжірибе тарату, оқушылардың қортынды аттестациясы және ғылыми жоба жұмыстары сияқты актуалдымәселелер қаралу керектігі жөнінде айтып өтті.Отырыс барысында кері байланыс жасалып, бірнеше сұрақтарға жауап берілді.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.