27 Қаң 2021
Жаңалықтар

«Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы»

Кезекті семинар өтті
Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні Орал қалалық білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Айгүл Еділбаеваның ұйымдастырумен «Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің жетекшілерімен кезекті семинар онлайн режиминде өтті. Семинарға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы Габбасова Бағдагүл Беккалиевна қатысып, «Заманауи технологиялардың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар мақсаты: Заманауи білім берудің проблемалары мен мүмкіндіктерін, педагогикалық қызметте инновациялық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану перспективаларын талқылау. Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде заманауи технологияларды қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігін ұғындыру.
Сондай-ақ семинар барысында «STEM подход - образование будущего», «Дивергентті ойлау: түйінді идеялар және қорытынды», «ХХІ ғасыр - озық технологиялар ғасыры» тақырыптары да қамтылды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.