27 Қаң 2021
Жаңалықтар

«Озат тәжірибе мектебі»

🔹 «Зерде» қауымдастығы аясында қалалық «Озат тәжірибе мектебі» мұғалімдеріне арналған №43 жалпы орта білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен вебинар оздырылды.
Вебинардың тақырыбы: «Орта буын сыныптарында жаңартылған білімнің мазмұны».
Мақсаты: Сындарлы оқыту әдісі аясында оқушының пәнді терең түсне отырып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуінқамтамасыз ету жолдарын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Оқыту стилін тиімді таңдауға ықпал ету жолдарымен бөліседі;
Инновациялықоқыту технологияларының әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың білімге сыни көзқарасын ояту тәжірибесімен танысады.
Вебинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің баяндамалары тыңдалды.
1. «Тиімді тәжірибесін ұсынуда мұғалім идеясын бағалай алу құзыреттілігі» тақырыбында педагог-сарапшы Н.Н.Қошқарова шебер сынып өткізді.
2. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды білімге ынталандыру» тақырыбында педагог-зерттеуші Д.А.Сұлтанғалиеваның іс-тәжірибесі тыңдалды.
3. «Тиімді кері байланыс оқытудың негізі» тақырыбында педагог зерттеуші Б.Қ.Қабиева баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Вебинарға №19,26, 10, 22, 30, 34, 40, 49 мектептен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Қатысқан әріптестер тарапынан вебинардың жоғары деңгейде өткені айтылып, іс-тәжірибелерімен бөліскен №43 мектеп мұғалімдеріне шығармашылық табыс тіледі.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.