27 Қаң 2021
Жаңалықтар

«Оқушылардың білімдік-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін оқу процесінде критериалды бағалауды қолдану»

🔹 2021 жылдың 27 қаңтарында ZOOM платформасында қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Бастау» желілік қауымдастығының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Оқушылардың білімдік-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін оқу процесінде критериалды бағалауды қолдану» атты семинар №1 ЖОББМ базасында оздырылды. Семинар мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында бағалаудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен тәжірибе алмасу, формативті бағалау жүргізудің тиімді әдістері, бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстармен танысу, тиімді диалог алаңын құру болды. Желілік қауымдастықтың модераторы Г.Кужабергенова орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының 2021 жылға арналған жоспарымен таныстырды. №1 ЖОББМ мұғалімдері А.Шадгалиева критериалды бағалау жүйесінің оқу – әдістемелік негіздерімен таныстырса, С. Турегалиева және Ж. Кусанова критериалды бағалауды қашықтықтан оқыту жағдайында ұйымдастыру жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда әріптестер өз пікірлерін, әртүрлі критериалды бағалау әдістерін талқылап, бөлісті. Сонымен қатар мұғалімдер бағалауға арналған нұсқаулық, бағдарламалар бойынша пікір алмасты. Семинарда 9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу жөнінде №43 ЖОББМ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Г.Сугралиева толық ақпарат берді. Мұғалімдер өз сабақтарында қолдану үшін құнды ақпарат алды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.