🔹 Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні онлайн форматта қалалық алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін ұйымдастырушылардың отырысы оздырылды. Күн тәртібінде өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өткізілген жұмыстар қорытындысы талқыланды. Семинар жұмысына қала мектептерінің пән мұғалімдері қатысты. Сұрақтар бойынша облыстық білім беруді дамыту орталығының А.Куанов және қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Б.Сакипкалиев өз ойларымен бөлісті.