28 Қаң 2021
Жаңалықтар

«Қорытынды аттестаттауға және ОЖСБ-ға жүйелі дайындық –білім сапасын арттырудың негізі»

🔹 2021 жылдың 27 қаңтар күні Орал қаласының білім бөлімінің жоспары бойынша ZOOM платформасында физика пәні мұғалімдерінің арасында «Қорытынды аттестаттауға және ОЖСБ-ға жүйелі дайындық –білім сапасын арттырудың негізі» атты вебинар оздырылды.
Мақсаты: биылғы жылдық жұмыс жоспарды бірлестік жетекшілеріне таныстыру, қорытынды аттестаттауға және ОЖСБ дайындау турасында пікір бөлісу.
Вебинар алдында қалалық білім бөлімінің әдіскері Кажгалиева Ж.Н. пән мұғалімдеріне алдағы өтетін отырыстардың жұмыс жоспарымен таныстырды.
№19 мектебінің мұғалімі Х.М. Есенова қорытынды аттестаттау және ОЖСБ дайындықты жүргізу туралы алдағы міндеттемелерді айтып өтті. Вебинар барысында қорытынды аттестаттау мен ОЖСБ дайындыққа оқушыларды түрлі әдіс -тәсілдерді қолдану арқылы жүйелі дайындықты талап ететіндігін, сонда ғана білім сапасын оқушының жақсарта алатындығын баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Осы тақырыпқа байланысты және пәнге қатысты басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.
Вебинарға қатысқан мұғалімдер өз ойларында жүрген сауалдарға жауап ала отырып, сапалы білім беруде әлі де ізденіске әзір екендіктерін жеткізді.

 

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.