🔹 Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні zoom платформасында қалалық өзін өзі тану пәні мұғалімдерінің отырысы оздырылды. Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша желілік қауымдастық модераторлары өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Сонымен бірге отырыста жаңадан құрылған шығармашылық топ мүшелері, модераторлар таныстырылды. Ақпан айының 1-12 күндері аралығында өтетін "Шығармашылық және махаббат педагогикасы" онкүндігінің жоспары талқыланды. Отырыс жұмысын қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Қ.Маюков пен шығармашылық топ жетекшісі Г.Сарсенгалиева жүргізді. Әрбір желілік қауымдастық модераторлары өз ойларымен бөлісіп, толғандырып жүрген сұрақтар талқыланып, ортақ шешімге келді.