🔹 Бүгін,28 қаңтар 2021 жылы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде «Зерде» қауымдастығы аясында қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Озат тәжірибе мектебі» мұғалімдеріне арналған №1 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен семинар оздырылды.
Семинардың тақырыбы: «Жаңартылған бағдарлама аясында бастауыш сынып пәндерін оқытудағы оқушылардың шығармашылығын арттыру жолдары»
Мақсаты :Жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлегін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Күтілетін нәтиже: Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
Семинар барысында ДОТІЖО Амангалиева Айжан Хамитқызы сөз алып , әріптестерімізге сәттілік тіледі. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Аманжолова Шолпан Казиқызы семинарды «Көңілді фигуралар» атты тренингпен ашты.
1 .Әдебиеттік оқу пәнінен 2 «б»сыныбына «Тазалықты сүйемін» Джубаншалиева Б.Е.
2. Жаратылыстану пәнінен 4 «а» сыныбында «Дыбысты бәсендетуге бола ма?» Калабаева А.А
3. Сауат ашу пәнінен 1 «д» сыныбында «Жж дыбысы мен әрпі» Мұхитова Г.Б.
4. Сауат ашу пәнінен 1 «в» сыныбында «Пп дыбысы мен әрпі» Кадргалиева А.Т.
5. Математика пәнінен 1 «е» сыныбында «Апта күндері» Булатова Н.Б.
6. Әдебиттік оқу пәнінен 2 «е» сыныбында «Шынықсын денеміз»,«Қыста талай қызық бар» Жумашева М.М
7. Математика пәнінен 2 «д» сыныбында «Бөлу» Тасанова Ж.Б.
8. Сынып сағаты 4 «б» сыныбында «Сақтансаң сақтармын» Джумагалиева С.А.
Осы жоғарыда аталған мұғалімдер бейнеролик арқылы сабақтарын көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға № 37,22,21,48,12,30,19,42,2,43,44,4,50,10,26,40,20,5,36,45 мектептерден бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қатысқан әріптестер тарапынан семинардың жоғары деңгейде өткені айтылып, іс-тәжірибелерімен бөліскен №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдеріне шығармашылық табыс тіледі.