🔹 2021 жылы 28 қаңтарда қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ұлағат» желілік қауымдастығының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда оқыту технологияларын қолдану» тақырыбында семинар оздырылды.
Семинарды №37 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сулейменова Г.Г., Жанатарова С.С. және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тәжірибелі тренер Габдрахманова Бибігүл Демеуқызы өткізді.
Бұл семинардың мақсаты мұғалімдерге қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылармен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін көрсету болды.
No37 орта мектебінің мұғалімдері өз әріптестерімен қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелері, қандай педагогикалық технологиялармен жұмыс істейтіндігі, мемлекеттік «Оқуға құштар мектеп» жобасы қалай жүзеге асыратындығы туралы ой бөлісті.
Айтарлық, Гульмира Гарифоллиевна READx, TEDx форматындағы қонференцияларды қалай ұйымдастыратынын және Сапура Сакимовна буктрейлерлерді құрастыру тәжірибесімен бөлісті.
Оқушылардың бойына функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оларды PISA халықаралық зерттеуіне дайындау өте маңызды. Дәл осы туралы Бибігүл Демеуқызы «PISA зерттеуіндегі оқушылардың оқу құзыреттілігі» атты баяндамасында айтты. Мәтіндердің форматтары мен мәтіндік тапсырмалардың құрылымы туралы өте пайдалы ақпарат болды. Әріптестерімен пайдалы ресурстармен де бөлісті.
Семинарды сәтті аяқтауға Jamboard тақтасындағы кері байланыс та көмектесті. Өткізілген шара қызықты, пайдалы, қол жетімді болды.