🔹 2021 жылы 29 қаңтар күні ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Болашақ» желілік қауымдастығының онлайн-семинары өтті. Семинар гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Г.Хамиеваның ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинарды №16 мектеп мұғалімдері - Серебрякова Елена Борисовна, Куницына Елена Евгеньевна, Бекбулова Светлана Максутовна өткізді. Мұғалімдер шығармашылық топ мүшелеріне оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудағы инновациялық әдіс –тәсілдерді таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқытудың бастауыш, негізгі және жоғары сатысындағы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың әр түрлі тәсілдері мен түрлері туралы айтты. Zoom платформасы арқылы өткен онлайн семинар нәтижелі болды. Топ мүшелері семинар жұмысына белсене қатысып, семинар өткізген ұстаздарға ризашылығын білдірді.