🔹 2021 жылдың 3 ақпан күні сағат 10.00 қалалық білім бөлімінің ОЖСБ мен қорытынды аттестаттауға байланысты құрылған жоспарына сәйкес эстетикалық бағыттағы мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ж.Темірғалиева "Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға 9-сынып оқушыларының дайындығы" тақырыбында қалалық бірлестік жетекшілері мен 9-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері үшін ЗУМ платформасында вебинар өткізді. Мұғалім жұмыстанып жатқан сыныптары бойынша істелген жұмыстары бойынша тәжірибесімен бөлісті. Вебинардың өту мақсаты мен міндеті анықталып, істелген іс-шаралардың жоспарымен таныстырды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында тесттің бірнеше түрлерін өткізу, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері де түсіндірілді. Нәтижесі ретінде білім мониторингісін ұсынды. Әріптестеріне көмек ретінде әлеуметтік желілердегі сілтемесі де жолданды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, тілек-ұсыныстарын білдірді.