🔹 2021 жылдың 9 ақпанында, "Серебряково жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлағат" желілік қауымдастық аясында "БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдары" тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыстану, БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша кәсіби білімдерін шыңдау.
Осы тақырыпта ағылшын тілі пәні мұғалімдері Макпозова А.У., Ракишева А.И өз кәсіби жұмыстарын презентация арқылы ортаға салды. "Ұлағат" ЖҚ модераторы Баймулдаева Б.К және магнит мектептердің пән мұғалімдері өзара іс тәжірибесімен бөлісті.