09 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті»

🔹 2021 жылдың 9 ақпан күні «Бастау» желілік қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес «Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті» Қашықтық оқыту форматында АҚТны пайдалану ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ZOOM платформасында конференция өтті.
Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі, желілік қауымдастық менеджері А.А. Салаватова басты сөз алып, қашықтық оқыту туралы ойлармен бөлісіп, өз пікірімен алмасты. М. Шаймарданова қашықтықтан білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы талқылады. А.Қ.Естурова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына 2-қосымша Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды таныстырды.М.Б.Кабесова конференция қатысушыларға «Бірақ» атты тренинг өткізіп, оң әсерлерін білдірді. С.Ж. Нигметова "Online development resources" тақырып негізінде оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда қолданатын ресурс көздерімен бөлісті. Конференция аясында мұғалімге қажет акпараттар жасақталып ұсынылды және қашықтықтан оқыту барысында сабақтарды ұйымдастырудың маңызды мәселелер ортаға салынып, пікірлерімен бөлісті.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.