2020 жылдың 23 қазанында Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында Оқушылар сарайында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және Сарайдың үйірме жұмыстарымен қамту мақсатында «Үйірмелер әлеміне саяхат» танымдық сағаты оздырылды. Шара "Танысу", «Кім тапқыр?» сергіту сәтімен басталып, Сарайдың жұмыс бағыттары мен үйірме жұмыстарына экскурсия жасалды.
Балалармен бірлесіп «Абайлаңыз, балалар!», «Саз балшықтан мүсіндер жасау», «Акробатиканың әдіс-тәсілдері» шеберлік сыныптары өткізілді. Шара соңында белсенді қатысқан балаларға алғыс хат табысталып, ата-аналар балаларымен бірге флешмоб билеп, "Алған әсеріңіз қандай?" рефлексия арқылы өз ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/9489-ozinen-basta.html#sigFreeId2f7dc46b20
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/9489-ozinen-basta.html#sigFreeId2f7dc46b20