2020 жылдың 6 қараша күні Мектептен тыс жұмыс орталығы Орал қаласының білім беру бөлімінің қолдауымен «Өзіңнен баста!» жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру жобасы аясында «Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингін өткізді. Семинар жұмысы барлық қатысушылар үшін «Қайырлы күн, жас достар!» психологиялық тренингімен басталып, «Біздің үй» ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық-шығармашылық бағытындағы жұмыс алаңында жалғасты. Алаңның қатысушыларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, оларды ортаға бейімдеу мақсатында жоспарланған жұмыстары барысында балалар өз ата-аналарымен рөлдік ойындар ойнап, суретті тест тапсырмаларын орындады.
Орталықтың қосымша білім беру педагогтары ұйымдастырған «Шебер қолдар» (дискілермен жұмыс), «Спорттық жаттығулар бастамалары» (дене тәрбиесі және спорт бағытында) шеберлік сыныптары қатысушылардың қызығушылықтарын тудыра отырып, болашақта бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, ұнатқан істерімен айналысуға өз көмегін тигізуі үшін жоспарланған болатын.
03 Нау 2021
Жаңалықтар
Орал қаласының білім беру бөлімінің қолдауымен «Өзіңнен баста!» жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру жобасы аясында «Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі өткізілді
Жобалар
Видеоролики