2020 жылдың 12 қарашасында қалалық білім беру бөлімі білім беру ұйымдары басшыларына білім беру саласына қатысты заңнамалық акттердің нормаларын түсіндіру мақсатында «ZOOM» платформасы арқылы мәжіліс өткізді.
Мәжіліс барысында БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының өкілі А.Турумова жұмыс берушілердің еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмыскерлермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы, БҚО полиция департаментінің өкілі А.В.Гусев «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 Қаулысының орындалуы бойынша, бас маман, заңгер А.К.Пионеров құқықтық оқулар мен қалалық білім беру бөлімінің қаржыландыру мен басқару қызметі облыстық білім басқармасына берілу мәселелері жөнінде, кадр жұмысы бойынша бас маман Ж.Усенова «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы бойынша түсіндіру, сектор меңгерушісі Ж.Рысказиева кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы әңгімеледі.
03 Нау 2021
Жаңалықтар
ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ
Жобалар
Видеоролики