03 Нау 2021
Жаңалықтар

«Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі

2020  жылдың  13 қарашасы күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру жобасы аясында  мектептен тыс жұмыс орталығы базасында кезекті «Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі өткізілді. Жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау шараларын жүргізу, құқықтық білімін арттыру, құқық бұзуға бейім балаларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, мейірімділік сезімдерін ояту, оларды ортаға бейімдеу, әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған семинар Қалалық білім беру бөлімі маманының кіріспе сөзімен басталып, Орталық педагог-психологының танысу тренингімен жалғасты. Семинар бағдарламасы бойынша қатысушы балалар мен ата – аналар Орал қаласы  полиция басқармасының  полиция капитаны дайындаған «Заңнама және нормативті-құқықтық сауаттылық» тақырыбында баяндамасын тыңдап, ҚББ алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әдіскері мен қала мектептерінің пән мұғалімдері және әскери патриоттық мамандандырылған "Жас сарбаз" сыныбының «Отан қорғар  айбынды сарбаз болу үшін не істеу керек?» шеберлік сыныбына қатысты және арнайы шақырылған Қазақстан Республикасында балалар құқығын қорғау жөнінде Балалар Өкілдігінің Республикалық және қалалық құрамы мүшелері семинарға қатысушы оқушылармен «Мен балалар құқығы туралы не білемін...» тақырыбында ой бөлісті, «Жақсы көңіл-күй – жанға қуат беретін күш» ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық-шығармашылық бағытындағы жұмыс алаңында белсенділікпен жұмыс жасады.

Жобалар
Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.