2020 жылдың 13 қараша күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында Оқушылар сарайының базасында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайдың үйірме жұмыстарын көрсету мақсатында «Қызыққа толы бір күнім» танымдық шарасы оздырылды.
Шара барысында «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі А.М.Тлемберлиева «Көбелектің әдемілігі» абстракция жанрында келген балаларға шеберлік сыныбын көрсете отырып, балалармен бірлесе жұмыстанды.
«Тілашар» үйірмесінің жетекшісі Д.М.Камешева «Күзгі жемістер» ойын сабағын өткізді. Сабақ барысында «Кел танысайық» тренингі арқылы балалармен танысып, күз мезгілі және күзгі жеміс-жидектер туралы ой қозғау сауалдары қойылып, күзгі жеміс-жидектердің атауларын екі тілде айту арқылы "Кім жүйрік?" ойыны ойнатылып, күз туралы өлең-тақпақтар айтылып, сергіту жаттығулары жасалып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Шара соңында "Алған әсерлеріңіз қандай?" тақырыбында қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.
03 Нау 2021
Жаңалықтар
Оқушылар сарайында «Қызыққа толы бір күнім» танымдық шарасы оздырылды
Жобалар
Видеоролики