2020 жылдың 20 қарашасында Орал қаласының білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығында «Өзіңнен баста!» жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру жобасы аясында «Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі өткізілді. Семинар жұмысы барлық қатысушылар үшін «Сәлеметсіздер ме, достар!» психологиялық тренингімен басталып, семинардың жұмыс жоспары бойынша көрсетілген «Спорт – денсаулық кепілі»» (жеңіл атлетикадан), «Қолөнер өнерінің қыр-сыры» (қолданбалы сәндік өнерден), «Тоғызқұмалақ – алғырлар ойыны» (тоғызқұмалақ ойынынан) шеберлік сыныптары қатысушылардың қызығушылықтарын тудыра отырып, болашақта бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, ұнатқан істерімен айналысуға өз көмегін тигізуі үшін Орталықтың қосымша білім беру педагогтарымен ұйымдастырылған болатын.
«Отбасы – бақыт бастауы» ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық тренингте қатысушыларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, оларды ортаға бейімдеу мақсатында жүргізілген жұмыстар тапсырмаларын балалар белсенділікпен орындады.
04 Нау 2021
Жаңалықтар
Орал қаласының білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығында «Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі өткізілді
Жобалар
Видеоролики