2020 жылдың 4 желтоқсаны күні Орал қаласының білім беру бөлімінің "Өзіңнен баста!" жобасы аясында Оқушылар сарайында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен сарайдың үйірме жұмыстарымен таныстыру мақсатында «Шыныққан шымыр балдырған» танымдық шарасы оздырылды.
Шара барысында «Мүсіндеу» үйірмесінің жетекшісі Р.Н.Есниязов «Саз балшықтан мүсіндер жасау» тақырыбында шеберлік сынып көрсетіп, келген балалармен бірлесе жұмыстанса, «Акробатика» үйірмесінің жетекшісі К.М.Насипкалиев «Акробатиканың әдіс-тәсілдері» туралы оқушыларға айтып берді. Шара соңында «Балапан» үйірмесінің жетекшісі Б.М.Сундеткалиеваның жетекшілігімен, келген балалар үйірме тәрбиеленушілерімен бірге сергіту сәтін жасады.
04 Нау 2021
Жаңалықтар
Оқушылар сарайында «Шыныққан шымыр балдырған» танымдық шарасы оздырылды
Жобалар
Видеоролики