2021 жылдың 9 қаңтарында Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен балалардың демалыстарын тиімді әрі пайдалы өткізу мақсатында Орал қаласының бала құқықтарын қорғау мәселері жөніндегі өкілдіктеріне "Атамекен балалар және жасөспірімдер туризмі" орталығында семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында білім беру бөлімінің мамандары құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өкілдіктерге балалардың құқықтары, сондай-ақ қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Семинар одан әрі практикалық бөліммен жалғасып, балалар қыстың әсем табиғатын тамашалап, шаңғы, коньки теуіп, демалыстарын спортқа арнап, пайдалы өткізді.
04 Нау 2021
Жаңалықтар
"Спорт - өмір көркі, денсаулық кепілі"
Жобалар
Видеоролики