2021 жылдың 19 ақпанында Орал қаласының білім беру бөлімінің тәрбие секторының ұйымдастыруымен «Тәртіптің тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында қалалық ата-аналар комитетінің кезекті отырысы ZOOM конференциясы арқылы өткізілді. Отырысқа БҚО Полиция Департаментінің өкілі, қала мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, білім беру бөлімінің мамандары және қалалық ата-аналар комитетінің төрайымдары (төрағалары) қатысты. Конференцияны № 46 ЖОББМ-нің психолог маманы Хабиева А.Ж. «Ата-ана махаббаты» психологиялық тренингімен бастап, әрі қарай БҚО Полиция Департаменті, Орал қалалық полиция басқармасы, Ювеналды полиция бөлімінің полиция майоры Құспанова М.Е. «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында баяндады. Конференция барысында отбасы құндылығы, тәрбие жұмысындағы мектеп пен ата-аналар байланысы және отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі тақырыптар талқыланды. Отырыс соңында ата-аналардың жылы лебіздері мен ұсыныстары тыңдалды.
04 Нау 2021
Жаңалықтар
«Тәртіптің тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында қалалық ата-аналар комитетінің кезекті отырысы ZOOM конференциясы арқылы өткізілд
Жобалар
Видеоролики