04 Нау 2021
Жаңалықтар

"ӨЗІҢНЕН БАСТА" жобасы жалғасуда

2021 жылдың 26 ақпанында "Атамекен" қалалық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында "Өзіңнен баста" жобасы аясында "Desport" атты семинар-практикум оздырылды. Шараның семинар бөлімінде Орал қаласының білім беру бөлімінің мамандары "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Одан әрі оқушылар "Балықтарға ауа сыйла!" атты экологиялық акциясына қатысты.
Сондай-ақ шараның практикум бөлімінде туризм орталығы педагогтарының ұйымдастыруымен эстафеталық формада өткізілген шаңғы тебуден биатлон сайысында ұлдар арасында №12 ЖОББМ-нің оқушысы Аип Аян, қыздар арасында №17 ЖОББМ-нің оқушысы Доскалиева Арина жүлделі І орынға ие болса, барлық қатысушылар диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында оқушылар сырғанақта ойнап, коньки теуіп, жақсы көңіл-күйде уақыттарын тиімді өткізді.

Жобалар
Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.